25.05.2021, 22:31 7123

Нұр-Сұлтанның сол жағалауы терек мамығының жануына байланысты түтінге оранды

Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

НҰР-СҰЛТАН. 25 МАМЫР - Нұр-Сұлтанның сол жағалауы, оның ішінде Ақорда бүгін терек мамығының жануына байланысты түтінге оранды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Қонаев көшесінде терек мамығы өртенді. Алдын ала болжам бойынша, аумағы 250 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 10 адам және 2 техника жұмылдырылды.

Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сонымен қатар, ведомствода өткен тәулікте Нұр-Сұлтанда терек мамығын сөндіруге 53 рет шығу жасалғанын атап өтті. ТЖД азаматтарға терек мамығын өртемеу және балаларға оны жасауға жол бермеу туралы өтінішпен жүгінді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны