03.05.2022, 16:45 15816

Қаңтар трагедиясы: погромшылар жәбірленушілерге 100 млн теңгеге жуық шығын қайтарды

Қаңтар трагедиясы: погромшылар жәбірленушілерге 100 млн теңгеге жуық шығын қайтарды
Сурет: facebook/Anastasia Romanova
НҰР-СҰЛТАН. 3 МАМЫР - Қаңтар погромдарына қатысушылар жәбірленушілерге 100 миллион теңге көлемінде келтірілген залалды өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Бұл полиция қызметкерлерінің ұрланған мүлікті анықтауы және алып қоюы, сондай-ақ айыпталушылардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру, оның ішінде сот тергеуі кезеңінде зардаптың орнын толтырғаны нәтижесінде қамтамасыз етілді", - деді Әділов.

 
Оның мәліметінше, бүгінде полиция қызметкерлері 340 млн теңгеден астам сомаға ұрланған мүлікті тауып, тәркілеген.
 

Бүгінгі таңда ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде бұрын қабылданған шешімдерді қоспағанда, 1150 қылмыстық іс бар. Олардың негізгі бөлігін ұрлықтар құрайды – 157, қарудың заңсыз айналымы – 146, қасақана бөтеннің мүлкін бүлдіру – 23 және т.б.", - деді Әділов.

 
Осы істер бойынша 150 адам ауыр қылмыс жасады деген күдікпен күзетпен ұсталуда. 
 
Сонымен бірге, Әділов атап өткендей, жедел және сапалы тергеудің нәтижесінде тергеушілер 473 айыпталушыға қатысты 288 қылмыстық істі айыптау актісімен аяқтап, сотқа жолдады.
 

Сипаттайтын деректердің және жасаған қылмысқа қатыстылығын ескере отырып, өткен апта ішінде 12 күдікті күзетпен ұстаудан босатылды, оларға қатысты қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдалды. Бүгінгі таңда ішкі істер органдарының істері бойынша барлығы 333 күдікті осы негіздер бойынша күзетпен ұстаудан босатылды", - деп статистиканы жариялады Әділов.

 
Олардың көпшілігіне бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды, осындай адамдардың саны – 96, кепіл 78 адамға қатысты қолданылды, 67 адам ешқайда кетпеу және дұрыс мінез-құлық туралы қолхат берді және 11 адамға жеке кепілгерлік қолданылды. Одан басқа соттардың үкімдері бойынша 81 сотталушы күзетпен ұстаудан босатылды.
 
Әділов жағымды мінездемелермен қатар, зардаптың орнын толтырудың да тергеу мен сот барысында ескерілетін негіздердің бірі екенін атап өтті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны