21.07.2021, 22:42 8316

Алматы облысында шенеунік $33 мыңнан астам пара алды деген күдікке ілінді

АЛМАТЫ. 21 ШІЛДЕ - Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы мен мердігер ұйымның басшылығына қатысты аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Басқарма басшысы ЖШС басшылығынан "Бизнестің жол картасы - 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат есебінен салынып жатқан жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жеңімпазы деп танығаны және объектіде орындалған жұмыстардың көлемін одан әрі кедергісіз қабылдағаны үшін облыс аумағында объект салу бойынша шарт сомасының 666 млн теңгені құрайтын 15% есебінен "кері қайтару" ретінде бұрын ескертілген 90 млн теңгеден 33 500 АҚШ доллары сомасында пара алды деген күдікке ілінді", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

 
Шенеунік, құрылтайшы және мердігерлік ұйымның директоры аса ірі көлемде пара алды және берді деген күдікпен ұсталып, Алматы облысының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.
 
Тергеу жалғасуда. 
 
ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі басқа мәліметтер жария етуге жатпайды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны