02.11.2022, 18:06 14261

630 млрд теңгеден астам сомаға ақша мен мүлік мемлекетке қайтарылды - Бас прокуратура

630 млрд теңгеден астам сомаға ақша мен мүлік мемлекетке қайтарылды - Бас прокуратура
Сурет: twitter/Berik Asylov
Астана. 2 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Активтерді қайтару жөніндегі комиссия мемлекетке 630 млрд теңгеден астам сомаға ақша мен мүлікті қайтарды, деп хабарлады Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов.
 

Прокурорлардың актілері бойынша кеден саласында бюджет 57 млрд теңгеге толықты, мемлекет меншігіне 5 млрд теңгеге 140 мың га жер қайтарылды", - деп жазды Берік Асылов желідегі парақшасында.

 
Сондай-ақ ол соттарға құны 13,5 млрд теңге тұратын мемлекеттік мүлікті қайтару туралы талап-арыз енгізілгенін хабарлады.
 

Жоғарғы Сот 16 наразылықты қанағаттандырды. Олар бойынша қазынаға тағы 23 млрд теңге түседі деп күтілуде. Жұмыс жалғасуда", - деп қосты Қазақстанның Бас прокуроры.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны