01.03.2021, 20:52 11136

Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті: зардап шеккендер бар

Алматы. 1 наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда асфальт опырылып, жүк машинасы жер астына түсіп кетті.
 
Оқиға Қажымұқан көшесінде болған. Видео Instagram желісінде тарады.
 
Бейнекадрда жүк машинасының кузовының жартысы жерге кіріп кеткен.
 
Оқыс оқиға болған жерде кәсіпорын қызметкері жарақат алған.
 

Ер адам басынан соққы алған", - деді Алматы жедел жәрдем қызметінің баспасөз қызметі.

 
Сондай-ақ, пациент кеуде тұсынан да жарақаттанған.
 
Ол қазір қалалық 4-ші ауруханада ем алуда. Дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалап отыр.
 
Оқиғаның мән жайын анықтау үшін Медеу аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы тексеру жүргізіп жатыр.

Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны