24.09.2021, 20:15 8368

Алматыда ер адам тапаншамен қорқытып, балабақша аумағына кіруге тырысты

АЛМАТЫ. 24 ҚЫРКҮЙЕК - Алматыда белгісіз ер адам тапаншамен балабақша аумағына кірмекші болды.
 
Алматыда қолында тапаншасы бар ер адам балабақша аумағына кірмекші болды. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
 

Белгісіз ер адам балабақша аумағына күзетшіні тапаншамен қорқытып кірмек болған. Мектепке дейінгі мекеменің күзетшісі полиция жасағын шақырды", - дейді бейнежазба авторы.


 
Оқиға Наурызбай ауданының коттедж қалашығында орналасқан "Ашамай-2" балабабақшасында болды.
 
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт Наурызбай аудандық полиция басқармасында тіркелді.
 

Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде, оның ішінде қаруға меншік құқығы бар жоғы анықталады. Содан кейін заңға сәйкес шаралар қолданылатын болады", - деп хабарлады полициядан.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны