29.10.2021, 20:13 88318

Сот Сәтбаев қаласында жас қыз баланы зорлау ісі бойынша үкімді өзгеріссіз қалдырды

ҚАРАҒАНДЫ. 29 ҚАЗАН - Қарағанды облыстық соты Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды зорлау ісіне кінәлі деп танылған ерлі-зайыптыларға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.
 
Сәтбаев қаласында бес жасар қызды зорлау ісі бойынша сотталған ерлі-зайыптылардың жазасы жеңілдемейтін болды.
 
Сотталғандар мен қорғаушылар сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым берген болатын.
 
Сот алқасы бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды.
 
Айыпталған ерлі-зайыптылардың күйеуі өмір бойына сотталса, әйелі – 22 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
 
Олар Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша кінәлі деп танылды: сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны (ҚК 121-бабы 4-бөлігі), жас баланы зорлағаны (ҚК 120-бабы 4-бөлігі), денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін (ҚК 106-бабы 2-бөлігі 3-тармағы),5),11).
 

Сотталғандардың кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен расталған. Бұл жаза олар жасаған қылмыстардың ерекше ауырлығын ескере отырып әділ болып табылады. Заңның талаптарына сәйкес (ҚК 46-бабы 4-бөлігі) өмір бойына бас бостандығынан айыру әйелдерге тағайындалмайды, сондықтан П-ның жұбайы 22 жыл түрмеде отырады. Үкім заңды күшіне енді", - деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

 
Естеріңізге сала кетейік, бұл оқиға Сәтбаев тұрғындарының наразылығын тудырып, елді дүрліктірген болатын.
 
Оқиға 23 шілдеде болды. Сәтбаев қаласының полициясына Жезқазған тұрғыны өзінің 5 жасар қызы жоғалып кеткенін хабарлаған.
 
Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің бүкіл құрамы мен волонтерлер іздеу нәтижесінде 5 жасар баланы көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен тапты.
 
Аталмыш іс бойынша 58 жастағы ер адам ұсталған болатын.
 
6 қазан күні Қарағанды қаласының тергеу изоляторында жас қызды зорлағаны үшін тұтқындалған күдіктінің денесі табылды. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны