07.12.2021, 19:18 137915
Алматыда Рысқұлов даңғылында жылу трассасы жарылды
Сурет: NUR.KZ
Достарға айту
Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Алдын ала мәлімет бойынша, бүгін таңертең Т. Рысқұлов даңғылы мен І. Жансүгіров көшесінің қиылысына жақын жердегі учаскеде жылу магистралі жарылды. Апат болған жерде "Алматы жылу желілері" ЖШС жедел тобы жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады компаниядан.
Тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету жедел қалпына келтірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Алматы қалалық полиция департаменті жүргізушілерге апат болған көшені айналып өтуге кеңес берді.
Жылу трассасының жарылуына байланысты, Т. Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта І. Жансүгіров көшесінен Розовая көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылды. Шектеу жол қалпына келгенше күшінде болады. Қозғалысқа қатысушыларды алдын ала бағдарын түзетіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз", - деп хабарлады полициядан.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
16.04.2024, 17:15 16501
Солтүстік Қазақстанда 2400 үйді су басқан
Әзірге тек 44 адам үйіне қайтып барған
Достарға айту
Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев Солтүстік Қазақстан облысындағы жағдай әлі күрделі екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облысымыздағы жағдай әлі де күрделі. Сергеев су қоймасы 149 % толып, су бөгет шыңынан 2 метр 61 сантиметр асты. Тәулік ішінде 9 сантиметр төмендеді. Есіл өзенінде су деңгейі көтеріліп келеді. Өзен жағасының маңында орналасқан Қызылжар ауданының елді мекендері мен Петропавл қаласында үйлерді су басу деректері тіркелген. Қазіргі сәтте облыста 2401 үй және 1115 үй маңындағы аумақтарды су басқан", - деді департамент өкілі.
Жалпы облыс аумағында 12 235 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оның 2 919-ы - бала. Тәулік ішінде 2 947 адам, оның ішінде 488 бала эвакуацияланған.
Әзірге тек 44 адам үйіне қайтып барған. Евгений Журавлевтің айтуынша, өңірде 3 590 бас мал қауіпсіз жерлерге көшірілген.
Тасқынның негізгі толқыны Қызылжар ауданының Тепличное, Прибрежное кенттеріне келді. Бұл елді мекендерде 565 үйді су басып, 2 287 адам эвакуацияланды. Соңғы тәулік ішінде су Большая малышка, Соколовка, Вишневка, Ольшанка елді мекендеріне кіріп, 317 үйді су басты, 1562 адам эвакуацияланды. Су деңгейі әсіресе Петропавл қаласында көтеріліп тұр. Алайда жуыр маңда біртіндеп түседі деп отырмыз", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.04.2024, 12:57 19091
Алматыда Альпинисттік лагерьдің маңында қар көшкіні түсті
Сурет: ТЖМ
Достарға айту
Алматының Медеу ауданында қар көшкіні орын алды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Бүгін Медеу ауданындағы қар ржинағыштарда, Альпинисттік лагерьдің маңында көлемі 4000 текше метр қар көшкіні түсті.
Сонымен қатар, Қазгидромет синоптиктерінен қатты жауын-шашынның түсуіне, үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты көшкін қаупі сақталатыны туралы дауылды ескерту түсті.
ТЖМ азаматтардан таулы жерлерге баруды шектеуді сұрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.04.2024, 12:40 19336
Тараздағы перзентханалардың бірінде жүкті әйел асылып қалды
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен жан-жақты тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде
Достарға айту
Ағымдағы жылғы 9 сәуірде Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының перзентхана палатасында жүкті әйел асылып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
9 сәуірде Тараз қаласының Полиция басқармасына Жамбыл облыстық перинаталдық орталықтан перзентхана палатасының жуыну бөлмесінде 33 жастағы жүкті әйелдің асылу арқылы өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама түскен.
Аталған дерек бойынша Полиция департаментімен қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар кешені тағайындалды, оны жүргізу Жамбыл облысы бойынша сот-сараптамалары институтының сарапшыларына тапсырылды."
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен жан-жақты тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.04.2024, 12:26 19836
СҚО 2 мыңнан астам тұрғын үй су астында қалды
Сурет: akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапары Сергеевка су қоймасын, Қызылжар ауданын және Петропавл қаласының төңірегін тікұшақпен аралап көруден басталды.
◾️Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мемлекет басшысына Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар, Есіл, Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласындағы су тасқыны жағдайын баяндады. Өңір әкімінің айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған. Қазіргі таңда 2 мыңнан астам тұрғын үйді су басқан, 10345 адам эвакуацияланған.
◾️Су тасқынына қарсы шараларға 5270 адам және 906 техника жұмылдырылған. Халықтың тұрмыс-тіршілігіне қажетті инфрақұрылымдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтардың материалдық шығындарын есептеу және өтеу жөнінде комиссия құрылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.04.2024, 11:33 20311
Оралда тіршілікті қамтамасыз ететін стратегиялық нысандарды тасқыннан қорғау амалдары күшейтілді
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Батыс Қазақстан облысында тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарды қорғау шаралары күшейтілді. Атап айтқанда, Оралда "Батыс су арнасы" ЖШС, "Жайықжылуэнерго" АҚ нысандары мен сорғылау стансасында су тасқынына қарсы жұмыстар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Орал қаласында сумен жабдықтау жұмысы 2 түрлі көзден жүзеге асырылады: жер асты сулары мен Жайық өзені арқылы. Қаланың 340 мың халқын сумен қамтамасыз ететін "Батыс су арнасы" коммуналды кәсіпорны қазір қалыпты режімде жұмыс істеп тұр. Мәселен, қажетті су мен оны тазалауға арналған реагенттер қоры жеткілікті деңгейде. Апатқа қарсы бригадалар, кәсіпорынның 820 қызметкері мен 82 арнайы техника дайын тұр.
Жайық өзені бойындағы стратегиялық нысандарды тасқыннан қорғау үшін бөгетті нығайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қала тұрғындарын сумен қамтамасыз ету жұмыстары алдын ала қолға алынған. Су таситын арнайы көлік қарастырылған", - деді "Батыс су арнасының" бас инженері Аян Тасқали.
Жайықжылуэнергосына" 248 шақырымнан астам қалалық жылу жүйесі қарайды. Аталған нысандардың аумағында, оның ішінде аса қауіпті учаскелерде су тасқынына қарсы жұмыс аясында құм-қиыршық тас қоспасымен толтыру амалдары күшейтілді. Тиісті жұмыстарған 180 адам мен 15 арнайы техника жұмылдырылып отыр.
Тұтастай алғанда, Батыс Қазақстанда барлығы 20 мың шақырымнан астам электр желісі бар. Айталық, төрт ауданда 20-дан астам, сондай-ақ Орал қаласында 16 қосалқы станса жұмыс істеп тұр. Олар қырда орналасқандықтан су басу қаупі жоқ. Бұған қоса превентивті амалдар қолға алынып, шаһардағы екі қосалқы стансада қап төсеу, қорғаныс үйіндісін орнату жұмыстары қарқын алды. Сонымен бірге апатқа қарсы бригадалар, 1400 қызметкер мен 140 арнайы техника дайын тұр.
Осы ретте Жайық өзенінде орналасқан сорғы стансасын қорғау шаралары да қабылданғанын айта кетейік.
Жайық өзенінің жағасында "Жайықжылуэнерго" мекемесін сумен, сондай-ақ қала халқын ауыз сумен қамтамасыз ететін сорғы стансасы бар. Одан күнделікті шамамен 60 мың текше метр су аламыз. Бұл стратегиялық нысан болып саналады. Сондықтан оның айналасына қап төсеп жатырмыз", - деді Энергетика және ТКШ басқармасы басшысы Мирас Мүлкәй.
Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстан өңірінде алдағы су тасқынына дайындық аясында қажетті күш жұмылдырылды. Өңірде су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 6,3 мыңнан астам адам және 1,5 мың техника тартылып отыр. Тұрғын үй алаптарын нығайту бойынша шаралар қабылдануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.04.2024, 18:14 26706
Экология министрлігі БҚО-да суға батқан ақбөкендердің санын атады
Достарға айту
БҚО Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылдық округінің "Мұратсай" су қоймасының аумағында киіктердің тұшалары табылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметінен.
Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының Мұратсай су қоймасында" Охотзоопром бойынша " инспекторлары 250-300-ге жуық ақбөкеннің өлгенін анықтады.
Оқиға орнында "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК жедел тобы, "Бөкейорда" резерватының және жергілікті атқарушы органдары жұмыс істеуде. Қазіргі кезде, өлген киіктердің ұшаларын жинау және жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.04.2024, 12:00 29481
Қазақстанның бес облысында бес мыңнан астам үй су астында қалды
Сурет: ТЖМ
Достарға айту
Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 411 жеке тұрғын үй, 1 607 аула аумағы су астында қалуда, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Бірлескен күштермен 9,5 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 2,2 млн. қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. 3 503 тұрғын үй мен 2 157 аула аумағынан су бұрылды", деп көрсетілген хабарламада.
Су тасқыны басталғалы бері 111 194 адам, оның ішінде 39 222 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Тартылған әуе кемелерімен 3 575 адам, оның ішінде 1 157 бала құтқарылды. 11 950 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналасу пунктеріне 6 814 адам, оның ішінде 2 995 бала орналастырылды. 106 551 ауыл шаруашылық жануар қауіпсіздік жерге айдалды. "Жедел желі" телефонына 1 716 қоңырау түсті, психологтар зардап шеккен адамдарға писхологиялық көмек көрсетуде.
Су жүрген 103 автожол, су шайған 80 автожол, оның ішінде 9 көпір және 71 жол төсемі бақылауда қалуда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 82 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.
Ақмола облысында Есіл, Қоңыр өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Атбасар ауданының Самара ауылында, Жарқайың ауданының Пригородное, Құмсуат ауылдарында, Бұланды ауданының Новобратск, Никольск ауылдарында 101 жеке тұрғын үй мен 42 аула аумағы су астында қалды. 163 адам алдын ала эвакуацияланды, олар эвакуациялау пункттері мен туыстарының үйлеріне орналастырылды. Су тасқынына қарсы іс-шаралар және халыққа көмек көрсету, эвакуациялау жұмыстары жалғастырылуда. Өзендер деңгейіне мониторинг жүргізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне және су басу қаупіне байланысты Петропавл қаласының Борки шағын ауданында, Хромзауыт шағын ауданы жанындағы Карьерная көшесінде, Қызылжар ауданының Соколовка, Большая малышка ауылдарында 85 жеке тұрғын үй су астында қалды. 1 003 адам алдын ала эвакуацияланды, олар эвакуациялау пункттері мен туыстарының үйлеріне орналастырылды.
Ақтөбе облысында Торғай өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ырғыз ауданының Нұра ауылында 10 жеке тұрғын үй су астында қалды. 655 адам Ырғыз ауылына алдын ала эвакуацияланды. Сонымен қатар тікұшақ Жайсанбай, Құйылыс ауылдарына 2100 кг азық-түлік және 1600 литр ЖЖМ жеткізілді. Барлығы 121 адам эвакуацияланды. Нұра, Мамыр, Жайсанбай және Тәуіп елді мекендерінде жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда.
Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ҚМ, ІІМ, МКҚ, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 33 334 адам, 4 066 бірлік техника, 835 су сору және 275 жүзу құралы, 11 әуе кемесі жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.04.2024, 11:54 29726
Ақтөбе облысында қорғаныс бөгеті шайылып, салдарынан ауылды су басты
Сурет: ТЖМ
Достарға айту
Торғай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Нұра ауылында қорғаныс бөгеті шайылып, нәтижесінде ауылды су басты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Нұра, Мамыр ауылдарында 327 адам және 25 бірлік техника жұмылдырылды. Жағдайды зерттеу үшін Ақтөбе облысы ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов барды. Алдын ала 1100 дана қаптар салу және 390 тонна инертті материал жеткізу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар ТЖД басшылығы жетекшілігімен Қорғаныс Министрлігі ұшағымен құтқарушылар Нұра ауылы Ырғыз ауданы Мамыр, Нұра, Белшер ауылдарынан 3 күн ішінде 685 адам оның ішінде 363 бала эвакуацияланды.
14 сәуір күні түнде су тасқыны жағдайының нашарлауына байланысты Ырғыз ауданына 70 адам мен 5 бірлік техникадан тұратын күштер мен құралдар жіберілді
Сондай-ақ ,ргыз ауданына гуманитарлық жүк жіберілді: 100 күрек, 60 матрац, 50 етік, 40 айран, 1 қап жүгері, 3 қорап консервілер, 10 қорап печенье, 10 мың қап, 1 қайық, 2 тақта, 2 генератор ,1 мотопомпа, 4 қап дәрі-дәрмек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
11.04.2024, 20:34Әйелдер құқықтары мен балалар қауіпсіздігін қорғауды күшейту туралы заң мақұлданды 11.04.2024, 20:27 862712024 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар 116 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды11.04.2024, 20:10 86111Батыс өңірлерді үлкен судан қорғау үшін 10 мыңнан астам әскери қызметші жұмылдырылды12.04.2024, 13:37 86061Алматыда арнайы сейсмологиялық зерттеу жүргізіледі12.04.2024, 16:41 84926Үкімет Арқалықта су тасқынынан зардап шеккендерге үй сатып алу үшін қаражат бөлді
20.03.2024, 21:43 133111Президент Алматыға жұмыс сапарымен келді04.04.2024, 16:35 120551Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды20.03.2024, 12:12 120526ҚМА қаржы пирамидаларын анықтау жөніндегі арнайы жобаны іске қосты04.04.2024, 16:30 120331Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады20.03.2024, 12:19 120086Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы 24-25 сәуірде Астанада өтеді