27.07.2022, 20:13 13991

Алматыда бір күнде екінші қару жасырылған орын табылды

Алматыда бір күнде екінші қару жасырылған орын табылды
Сурет: Polisia.kz
АЛМАТЫ. 27 ШІЛДЕ - Алматыда тағы бір қару жасырылған орын табылды. Бұл жолы ол Медеу ауданындағы саяжай алқабына орналастырылған. Криминалдық полиция қызметкерлері Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, бетон қоршаудың жанынан 70 метр радиуста қару-жарақ қоймасын тапты.
 
ҚР ҚК-нің 287-бабымен тергелетін қылмыстық іс материалдарына іс жүргізу тәртібімен 2 Макаров жүйесінің тапаншасы, тегіс ұңғылы мылтық, 512 дана әртүрлі калибрлі патрондар, оның ішінде Калашников автоматына арналған патрондар, 22 дана граната, соның ішінде әскери, сондай-ақ радиостанция тіркелді. 
 
Сонымен қатар, жасырылған орыннан өсімдік тектес және ұнтақ тәрізді есірткі заттары табылды. 
 
Қылмыстық іс аясында сот-баллистикалық және сот-химиялық сараптамалар тағайындалды.

 
Ақпарат көзі: Polisia.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны