06.03.2023, 08:57 19291

Ақтөбе облысында жасөспірім көлік жүргізіп келе жатқан жол апаты: екінші оқушы қыз қайтыс болды

Қалған екі баланың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында
Ақтөбе облысында жасөспірім көлік жүргізіп келе жатқан жол апаты: екінші оқушы қыз қайтыс болды
Сурет: mkchita.ru
Ақтөбе. 6 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Шалқар-Бозой трассасында болған көлік апаты салдарынан ауруханаға түскен оқушы қыз көз жұмды.

Жол апаты 4 наурыз күні сағат 20:55-те Шалқар-Бозой тасжолында болған еді. Toyota Land Cruiser автокөлігін тізгіндеген кәмелетке толмаған бала рульге ие бола алмай, машина аударылған. Көлікте 5 оқушы болған - бір қыз бала оқиға орнында қаза болды, үш ұл мен тағы бір қыз ауруханаға түсті.

Өкінішке қарай ес-түссіз жатқан жасөспірім қыз сағат 18:30-да қайтыс болды. Қалған екі баланың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.


Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаровтың айтуынша, 2008 жылы туған екі баланың аяғы сынған. Екеуі де облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Тағы бір бала жеңіл жараланып, амбулаторлық бақылауға алынды.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны