12.10.2011, 10:03 3698

Ақтаудағы мұнай айдау стансасының аумағында ауадағы газ қоспасында жарылыс болып, сегіз адам мерт болды

Ақтау қаласындағы мұнай айдау стансасының аумағында сегіз адам қаза тапты. Қаза тапқан адамдар "Қазтрансойл" компаниясы Батыс филиалы Маңғыстау мұнай құбыры басқармасына қарасты мердігерлік компанияның қызметкерлері.

Ақтау. 12-қазан. Kazakhstan Today - Ақтаудағы мұнай айдау стансасының аумағында ауадағы газ қоспасында жарылыс болып, сегіз адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Ақтау қаласындағы мұнай айдау стансасының аумағында сегіз адам қаза тапты. ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қаза тапқан адамдар "Қазтрансойл" компаниясы Батыс филиалы Маңғыстау мұнай құбыры басқармасына қарасты мердігерлік компанияның қызметкерлері.

Төтенше оқиға 11 қазан күні 13 сағат 03 минутта болған, жұмыс барысында ауадағы газ қоспасынан өрт шыққан.

Соның салдарынан мердігерлік компанияның 9 қызметкері зардап шекті. Учаске бастығы М.Динов, сондай-ақ 1993 жылы туылған Н.Бекназаров, 1989 жылғы Б.Қадыров, 1986 жылғы А.Өтегенов, 1989 жылғы Б.Балтабаев, 1991 жылғы Н.Беққұлиев есімді қызметкерлер, О.Қалмұратов есімді көлік жүргізушісі оқиға болған жерде қаза тапқан, тағы бір көз жұмған адамның жеке тұлғасы анықталып жатыр. 1991 жылы туылған Л.Тағұлин есімді азамат күйік шалып ауруханаға түсті.

Төтенше жағдайды жоюға "Семсер Өрт Сөндіруші" ЖШС-ның жеке құрамындағы 8 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Оқиға болған жерде шұғыл комиссия құрылып, Ақтау қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны