12.02.2010, 10:06 1355

Алматы облысында дәмханада газдың жарылысы болуы салдарынан сегіз адам зардап шекті

Алматы облысында дәмханада газдың жарылысы болуы салдарынан сегіз адам зардап шекті

Астана. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы облысының Қарасай ауданында дәмханада газдың жарылысы болуы салдарынан сегіз адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ хабарламасына сәйкес, "Алматы-Бішкек күре жолының бойында "Алтын Орда" базарынан 14 шақырым жерде орналасқан "Достар" дәмханасында сағат 18.00-де газды-ауалы қоспа жарылып, оның соңы 40 шаршы метр аумақтағы өртке ұласты".

"Жарылыс салдарынан 24 пен 44 жас аралығындағы сегіз адам түрлі дәрежеде күйікке ашлдығып, ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Өрт Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 1 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 5 адамының күшімен сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны