28.04.2011, 14:13 4244

Алматы полицейлері 21 жастағы қызды сексуалды құлдықтан құтқарды

Алматы полицейлері 21 жастағы қызды сексуалды құлдықтан құтқарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 28 - сәуір. Kazakhstan Today - Алматы полицейлері 21 жастағы қызды сексуалды құлдықтан құтқарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматыда сексуалды құлдықтан тағы бір қыз азат етілді. Бұл жолы қылмыскерлердің қолына Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының 21 жастағы тұрғыны іліккен. Жас қызды тұрған жерінен алдау арқылы ұрлап әкеткен.

Көзтаныс адамдары оған Алматыдан еңбекақысы жоғары жұмыс тауып береміз деп "мейірімділік" танытқан.

"Қызды бір ай бұрын біздің қаламызға жеткізген болу керек. Оны ұрлап әкелушілер, өз тұтқынын Алматыдағы Түрксіб ауданындағы "Клеопатра" қонақүйінде ұстаған. Естеріңізде болса, осы қонақүйден осындай жағдайға түскен тағы бір қызды азат еткен болатынбыз. Барлық осы айғақтар, бұл мекеме иелерiн қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға негіз болды",-дейді Алматы қаласы ІІД-нің осындай қылмыспен күрес басқармасының бастығы Валерий Козлов.

Аталған ауыр қылмыстарды 24 пен 26 жас шамасындағы үш жігіт жасаған. Оның екеуі Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болса, біреуі бұзақылықғы үшін қылмыстық жауапқа тартылып үлгерген Алматы облысың азаматы.

"Қылмыскерлердің бай тәжірибесін ескере отырып, олардың басқа да қылмыстарға қатысын тексерудеміз. Қызылордалық қыз олардың алғашқы құрбаны емес екендігі белгілі. Ұсталғандардың үстінен ҚР ҚК-нің 125 бабы бойынша (адам ұрлау) қылмыстық іс қозғалды", деп атап өтті өз сөзінде В. Козлов.

Сексуалды құлдықтан босаған қыз тәртіп сақшыларына түсініктеме беруде. Оған міндетті түрде психологиялық көмек көрсетіледі.

Фото: korrespondent.net.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны