08.09.2010, 13:06 3016

Алматы және Қызылорда облыстарында екі адам суға батып кетті

Алматы және Қызылорда облыстарында екі адам суға батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 8 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы және Қызылорда облыстарында екі адам суға батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, кеше сағат 15.00 Қапшағайдағы "Ақ Отау" демалыс аймағындп суға шомылып жүрген 26 жасар жігіт суға батып кеткен. Оның денесін сағат 15.20 демалыс аймағында демалып жүрген адамдар алып шыққан.

Сонымен қатар, кеше сағат 17.00 Қызылорда облысының Жосалы аулында Сырдария өзеніне 22 жасар жігіт батып кеткен. Оның денесін іздеуге ҚР ТЖМ судан құтқару қызметінің 2 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны