11.11.2022, 14:25 16616

Алматы барахолкасының маңында өрт шықты

Бірнеше контейнердің отқа оранғаны анықталды. Қатты түтін болды.
Алматы. 11 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыдағы "барахолка" базарынан өрт шықты.
 
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 қараша күні сағат 10:56 шамасында өрт сөндірушілер Жетісу ауданы Солтүстік айналма тасжолы, 7 мекенжайына жоғары дәрежедегі шақыртуға шыққан.
 

Көлік кептелісіне қарамастан өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минутта келді. Олар бірнеше контейнердің отқа оранғанын анықтады. Дереу өрт сөндіруге кірісіп, газ-түтіннен қорғау қызметі адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді. Жағдай бақылауда, бейнебақылау камералары арқылы қаланың өзара іс-қимылының бүкіл күш-құралдары оқиға орнына бағытталған", - деп хабарлады ведомстводан.

 
Ең жақын өрт гидранттары 25 метр қашықтықта орналасқан, су үздіксіз жеткізілген.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны