24.03.2021, 20:52 35054

Алматы облысының тұрғындары жер сілкінісін сезінді

Эпицентр Алматыдан 249 шақырым жерде орналасқан.

ТАЛДЫҚОРҒАН. 24 НАУРЫЗ - "ҚР БҒМ ҒК СЭМЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі 24 наурызда, Алматы уақыты бойынша 13 сағат 03 минут 03 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "ҚР БҒМ ҒК СЭМЭ" ММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 249 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,2. MPV магнитудасы - 5,2. Тереңдігі - 15 шақырым.

Талдықорған мен Текелі тұрғындары 2-3 баллдық жер асты дүмпулерін сезді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны