13.07.2021, 21:40 8231

Алматы полициясы алаяқтықтың жаңа тізбегі туралы ескертті

Парақшаңыздың бұзылғандығы туралы және белгілі мөлшерде 200-1000 АҚШ долларын төлеу керек деген хабарламалар келе бастайды.
АЛМАТЫ. 13 ШІЛДЕ - Алаяқтардың жаңа тізбегі туралы Алматы полициясы ескертті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Шаһардың криминалдық полициясының мәліметінше, алаяқтық әдісі келесідей: мысалы, сіз "Инстаграмның" белсенді қолданушысы болып табыласыз.
 

Алаяқтар, әдетте, Сізді жазылушылар санына қарай таңдайды. Жазылушылары көп кез-келген адам "көк құсбелгі" мәртебесін алғысы келеді - мәртебе Сіздің парақшаңыздың жалған еместігін және оны "Инстаграм" әкімшілігі растайтындығын білдіреді. Қаскөй жәбірленушіні тапқаннан кейін Инстаграмдағы жалған қолдау қызметі парақшасынан Сізге бақытты адам екеніңізді және Сізге "көк құсбелгі" мәртебесі берілгені туралы тікелей смс-хабарлама жібереді, ол үшін Сіз "Инстаграмыңыздың" құпия сөзін енгізу үшін сілтемеге өтуіңіз керек болады. Құпия сөзді енгізу арқылы Сіз автоматты түрде өтініміңіз қабылданғаны және үш күн ішінде қаралатындығы туралы жазылған мәтінмәндік парақшаға түсесіз. Бірнеше сағаттан кейін Сіз өзіңіздің парақшаңызға кіру мүмкіндігінен мүлдем айырыласыз. Осыдан кейін Сізге ұялы телефоныңызға немесе ватсапқа парақшаңыздың бұзылғандығы туралы және белгілі мөлшерде 200-1000 АҚШ долларын төлеу керек деген хабарламалар келе бастайды", - деді Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Рүстем Әбдрахманов.

 
Осы тізбекті қолдану арқылы Интернеттегі алаяқтық фактісі бойынша тек соңғы бірнеше күнде алты адам Алматы полициясына шағым түсірді.
 

Мұнда азаматтар қабылдауы қажет ақпараттық қауіпсіздік шаралары маңызды. Сізден әрдайым осындай хабарламаларға күмәнданып, оларға сын көзбен қарауыңызды сұраймыз. Біз сізді тағы да сақ болуға және қырағылық танытуға шақырамыз", - деді Рүстем Әбдрахманов.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны