20.02.2023, 12:48 19056

Алматы полициясы журналист Борейконың операторына тиесілі екі көліктің жарылысын тергеп жатыр

Сараптама тағайындалды
Алматы. 20 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда журналист Вадим Борейконың операторына тиесілі екі көліктің жарылуы фактісі бойынша полиция тергеу жүргізуде, деп хабарлады ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі кеше түнде журналист Вадим Борейконың әріптесіне қатысты болған оқиға бойынша мынаны мәлімдейді. Алматы қаласының Ішкі істер департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жасап, тиісті сараптама тағайындады. Мәселенің мән-жайы нақтыланып жатыр", - делінген АҚДМ хабарламасында.


ҚР АҚДМ журналистік қызметке кедергі келтіруге жол бермейді және барлық қажетті көмекті көрсетеді.

Бұған дейін қазақстандық журналист Вадим Борейко өзінің Telegram-арнасында жанып жатқан көліктердің бейнесін жариялаған болатын.

20 ақпанда түнде менің операторымның үйінің жанында оның екі көлігін жарып жіберді", - деп жазды журналист видеоның астына.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны