28.02.2022, 18:00 24006

Алматыда қаңтар айында ұрланған қару тәркіленді

Алматы маңында ұрланған қару сақталған орын табылды.
Алматыда қаңтар айында ұрланған қару тәркіленді
Сурет: Polisia.kz
АЛМАТЫ. 28 АҚПАН - Алматы маңында ұрланған қару сақталған орын табылды.

Қару-жарақ Алматы облысы Қарасай ауданы аумағынан табылды. 5 қаңтарға қараған түні “Камерад” қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан 29, 28, 26 жастағы үш ер адам ұсталды.

Күдіктілер үй жанындағы бос жатқан жерге үш кесілген мылтық, үш тегіс ұңғылы мылтық, винтовка, патрондар, аңшылық жинағы бар шабадан мен рюкзактарды көмген. Бұл арсеналдың барлығы ұсталғандардың бірінің үйінің ауласындағы құмға көмілген. Күдіктілер кінәсін мойындап, қылмысты қалай жасағандарын айтып берді. Тергеушілер “топтың” осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 291-бабы 3-бөлімі бойынша тергелуде. Күдіктілер қамауға алынды", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.


Ақпарат көзі: polisia.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:ҚаруТабу

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны