05.05.2022, 17:17 12216

Алматыда автогаз бағасын жасанды көтеру фактілері анықталды

Отын бағасы бір тонна тауар үшін 323,8%-ға дейін көтерілді.
Алматыда автогаз бағасын жасанды көтеру фактілері анықталды
Сурет: Depositphotos
АЛМАТЫ. 5 МАМЫР - Алматы прокуратурасы "Petrosun" ЖШС автогазының бағасын жасанды көтеру фактісін анықтады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Алматы қаласының прокуратурасы бұған дейін оңтүстік өңірде сұйытылған мұнай газын сату бойынша үстем жағдайға ие "Petrosun" ЖШС қызметіне тексеру жүргізді (нарық үлесі 76,9%).
 

Мұндай жағдайды теріс пайдалану және автогаз бағасының максималды деңгейін жасанды түрде көтеру фактілері анықталды", - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

 
Нәтижесінде көрсетілген кезеңде отын бағасы бір тонна тауар үшін 323,8%-ға дейін көтерілді.
 
Аталған факті бойынша прокуратура ҚР ҚК-нің 221-бабының 2-бөлігі (монополистік қызметті теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғады.
 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында мемлекет бюджетіне 2,2 млрд. теңге өндірілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер қазіргі уақытта жария етуге жатпайды", - деп қосты прокуратурада.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны