02.05.2022, 17:07 14621

Алматыда екі қабатты супермаркет өртенді

Алматыда екі қабатты супермаркет өртенді
Сурет: бейнеден кадр
АЛМАТЫ. 2 МАМЫР - Алматы қаласының Түрксіб ауданында Сүйінбай көшесінде орналасқан екі қабатты Huseinoff супермаркеті өртенді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
02 мамырда сағат 10:32-де өрт сөндіру бөлімшелері Түрксіб ауданында Сүйінбай 419а мекен жай бойынша өрт туралы хабарламаға жоғары дәрежедегі шақыртумен шықты. 7 минуттан келген соң, екі қабатты "Huseinoff" супермаркеттің екінші қабатты мен төбесі ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.
 

Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары дереу адамдардың бар жоғына барлау жүргізіп, өрт оқпандары енгізілді. Оқиға орнында Штаб орнатылып, 50-ден астам қызметкер және 15 бірлік техника, оның ішінде екі АЛ-32 метрлік өрт автосатылар жұмылдырылды", - деді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

 
Өрт 28 минутта ауыздықталып, 11:22-де сөндірілді.
 

Қабылданған шаралармен екінші қабаттағы пәтерлерi өрттен қорғалып, өрттің бүкіл шатырға таралуына жол бермеуге, сондай-ақ дүкеннің бәрінші қабатындағы сауда бөлмелері өрттен аман алып қалынды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда", - деп айтты Алматы қ. ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" бастығының орынбасары Кравцов Вадим.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны