28.12.2022, 23:46 55206

Алматыда жер сілкінісі сезілді

Алматыда жер сілкінісі сезілді
Сурет: Depositphotos
Алматы. 28 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді.
 

28 қаңтар күні сағат 23:17-де Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Ешқандай зақым болған немесе қираған жағдай байқалған жоқ, ахуал тұрақты. "112" және "101" жүйелеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ. "Қазселденқорғау" ММ мәліметтері бойынша гидротехникалық құрылыстарда, көшкін және сел жүру қаупі бар учаскелерде бүліну, шөгу және жарықшақтар анықталған жоқ", - делінген Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінде.

 
 "Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы" ММ сейсмикалық станциялар желісінің дерегінше, зілзала ошағы Алматы қаласынан 261 шақырым жерде, оңтүстік шығысқа қарай Алматы Қырғыз Республикасы аумағында және Қытай шекарасында орналасқан.
 
Энергетикалық санаты - 13.4 MPV, магнитудасы - 6.2. Тереңдігі - 25 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша Алматыда 2-3 балл қуатымен сезілген.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны