07.02.2022, 17:20 26956

ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Ерғожин қамауға алынды

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Ерғожин қамауға алынды
Сурет: ҚР ҰҚК
НҰР-СҰЛТАН. 7 АҚПАН - Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин қамауға алынды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
 
27 қаңтарда ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұлов тұтқындалған еді.
 
Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің үш бабында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша тергеліп жатыр. Мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алуға немесе Қазақстанның конституциялық құрылымын күшпен өзгертуге бағытталған әрекеттерден бөлек, күдіктілерге "билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды" деген айып тағылды.
 
Еске салсақ, Кәрім Мәсімов 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы қызметінен босатылды. 8 қаңтарда оның ұсталғаны белгілі болды. Сондай-ақ екі орынбасары – "А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожиннің ұсталғаны да хабарланды.
 
Тағы бір орынбасары – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туысы Самат Әбіш қызметінен кетті.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны