К.Мәсімов пен Ә.Садықұловқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Д.Ерғожинге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылып жатыр", - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қылмыстық ісі "өте құпия" белгісімен тергелуде.
Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, аталған сотқа дейінгі тергеудің жариялануға жатпайтындығын комитеттен (Ұлттық қауіпсіздік комитеті) растады", - делінген Almatyapat Telegram-каналында жарияланған ақпаратта.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 6 қаңтарында ҰҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігімен мемлекетке сатқындық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Осы күні аталған қылмысты жасады деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К.Мәсімов, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – "А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.