13.01.2022, 15:45 25216
ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары ұсталды
Сурет: telegram/tengrinews
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы Төрағасы К.Қ.Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда", - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.
Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К.Мәсімовтен басқа ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары – "А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Д.Ерғожин ұсталды", - деп хабарлады ведомствода.
Тергеу жалғасуда.
Бұған дейін ҰҚК бұрынғы төрағасы Мәсімов ұсталғаны хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
11.12.2024, 11:30 3676
Сарыағашта ЖКО салдарынан 20-дан астам өнеркәсіптік кәсіпорын мен 7 мыңға жуық жеке үй газсыз қалды
Достарға айту
Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында сағат 22:05-те "QazaqGaz Aimaq" АҚ Сарыағаш аудандық газ шаруашылығының авариялық-диспетчерлік қызметінің пультіне Сарыағаш қаласы, Шымкент көшесі (республикалық маңызы бар тас жолы) мекенжайы бойынша газ құбырының зақымдалғаны және газдың шығуы туралы өтінім келіп түсті.
Оқиға орнына авариялық бригада 10 минуттан кейін, сағат 22:15-те келді. Мамандардың анықтауынша, апаттың себебі BMW маркалы автокөліктің жоғары қысымды жер үсті газ құбырына соғылуы болған. Автокөлік соққысының салдарынан екі жерде газ құбыры толықтай істен шықты, сондай-ақ 40 қума метрден астам газ құбыры деформацияланды, деп көрсетілген компанияның хабарламасында.
Авариялық бригада газдың шығуын жедел түрде оқшаулап, ысырманы жауып, сүргі салынды, ықтимал салдардың алдын алды. Сондай-ақ, оқиға жөнінде техникалық акт жасалды.
Апат салдарынан:
21 өнеркәсіптік кәсіпорын;
153 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын;
6 821 жеке сектор абоненті газбен жабдықтаусыз қалды.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды.
Зақымдалған газ құбырын қалпына келтіру жұмыстары дереу басталды. Оқиға орнына "QazaqGaz Aimaq" АҚ авариялық-қалпына келтіру қызметінің 40-тан астам қызметкерден тұратын жеті бригада жұмылдырылды.
11 желтоқсанда сағат 03:00-ден 03:30-ға дейін зақымданған учаскедегі тарату газ құбырларының герметикалығына тексеру жұмыстары жүргізілді.
Ең алдымен стратегиялық маңызы бар объектілерге (аурухана, емхана, мектептер, балабақшалар және жергілікті полиция ғимараты) газбен жабдықтау қалпына келтірілді.
Түнгі уақытты және газ қауіпі бар жұмыстарды күндізгі уақытта жүргізу қажеттілігін ескере отырып, сағат 09:00-де жеке сектор мен кәсіпорындарды қайта қосу бойынша ауқымды жұмыстар басталды.
2024 жылғы 11 желтоқсан сағат 13:00-ге дейін газбен жабдықтау толығымен қалпына келтіріледі деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2024, 09:57 5811
Қостанайда сауда үйінде өрт шықты
Достарға айту
Өрт сөндірушілер кәсіпкерлердің мүлкін өрттен құтқарды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Бүгін Қостанайда Складская көшесіндегі сауда қатарында екі дүкен шатырының жануы орын алып, павильондардың бір-біріне жақын орналасуына байланысты өрттің таралу қаупі төнді.
Жақын тұрған сауда нүктелерін оқпандармен салқындата отырып, өрт сөндірушілер өртті жойып, кәсіпкерлердің мүлкін өрттен құтқарды. Зардап шеккендер жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2024, 12:20 15786
Түнде Алматыды жер сілкінді
Достарға айту
ҚР ТЖМ "Ұлттық ғылыми Сейсмологиялық зерттеу Орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 28 қарашадағы Астана уақытымен 01 сағат 32 мин 39сек жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Алматы қаласы ТЖД.
Алайда шкала бойынша анықталғандығы туралы мәліметтер 2 балл құрады
Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында Алматы қаласынан өңтүстік-шығысқа қарай 318 км жерде орналасқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.11.2024, 12:28 53926
ШҚО-да мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты
Достарға айту
Ағымдағы жылғы 7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапты, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінен.
Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі - суицид.
Полиция органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.11.2024, 16:40 56801
Ақмола облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты полицейлер 700-ден астам көлікке жол бастап жүрді
Достарға айту
Ақмола облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты полицейлер 700-ден астам көлікке жол бастап жүрді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
6 қарашада Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты автожолдардың бірнеше учаскелерінде қозғалысқа шектеулер енгізілген.
Жолда оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында полицейлер көліктерге жол бастап жүрді. Полицейлер жүргізушілерге колоннада жүру ережелерін, белгіленген жылдамдық режимі мен аралықты сақтау қажеттілігін түсіндірді.
Нәтижесінде Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін 150 көлік, оның ішінде 100 жеңіл және 50 жүк көлігін ертті.
Щучинск қаласынан Астана қаласына 574 көлік, оның ішінде 360 жеңіл және 214 жүк көлігінің қауіпсіздігі қамьамасыз етілді. Патрульдік полицейлер колонналар құруды және жол бойында көлік құралдарын алып жүруді жалғастырып жатыр.
Полиция жүргізушілерден ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды ескертеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.10.2024, 11:47 78121
Атыраудағы сауда орталықтарының өрт болды
Достарға айту
Атыраудағы сауда орталықтарының өрт болды, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
2024 жылғы 27 қазанда сағат 18:37 шамасында Атырау қаласы Б. Құлманов көшесінің бойында орналасқан сауда ойын-сауық кешенінің бірінде түтін шыққаны туралы шақырту түсті.
Атырау облысы ТЖД күштері дереу оқиға орнына жетіп, 80 адамды оның ішінде 45 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.
Алдын ала мәліметтер бойынша өрт балаларға арналған киім дүкенінің қоймасынан басталған.
Оқиға орнында штаб құрылып, өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді.
Өрт сағат 21:58-де оқшауланып, сағат 22:50 де толықтай жойылды.
Өрттің жалпы ауданы шамамен 1000 шаршы метрді құрады.
Өрттің шығу себептері алдын ала болжам бойынша тоқ желісінің қысқа тұйықталуы.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 2 шақырту бойынша күштер тартылып, жалпы саны 92 жеке құрам және 12 бірлік техника жұмылдырылды.
Сонымен қатар оқиға орнында Департаменттің психолог мамандары эвакуацияланған адамдарға және кәсіпкерлерге психологиялық көмек көрсетті. Жедел жәрдемнің 2 бригадасы, "Апаттар медицинасы орталығы" ММ 4 қызметкері, Полиция департаментінің 50 қызметкері, 23 бірлік техникасы және шұғыл әрекет ету мекемелері жұмыс жасады.
Орын алған өрт оқиғасына байланысты, 27 қазаннан бастап Атырау облысы ТЖД дағдарыс орталығында 45-14-75 нөмірі арқылы қауырт желі іске қосылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.10.2024, 17:04 107506
"Саран" шахтасында жазатайым оқиға болды
Достарға айту
Саранская" шахтасында орын алған апаттың салдарынан 3 адам зардап шеккендігін тексеру үшін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті комиссия құруда, деп хабарлайды ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметінен.
2024 жылдың 14 қазанында сағат 23:00-де "Qarmet" АҚ Көмір департаментіне қарасты "Саранская" шахтасында апат болды. 41К-7В ұзын қабырғасының төменгі түйіспесінде жұмыс істеу кезінде металл бекіткіш профилін жылжытқан кезде үстіңгі бөліктерден тау жыныстарының бір бөлігі аршылып, жұмысшылар жарақат алған: тау-кен тазарту жұмысшысы Д.Сембеков (1988 ж.т.), кен шебері А. Григорьевич (1989 ж.т.) және тау-кен механизаторы А.Рудия (1983 ж.т.).
Апат салдарынан компания қызметкерлері түрлі дене жарақаттарын алған. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, зардап шеккендер проф. Х.Ж. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия атындағы облыстық орталыққа жеткізілді. Дәрігерлер тексергеннен кейін Д.Сембеков пен А.Григорьевич еңбекке жарамсыздық парағын ашпай үйлеріне жіберілді. А.Рудий қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
Жазатайым оқиғаны тексеру үшін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті комиссия құруда. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.10.2024, 10:04 109471
Өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
Достарға айту
Өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ақтөбе облысы гарнизонның диспетчеріне Мұғалжар ауданындағы Қандыағаш қаласында жеке меншік үйдің бірінің ауласында орналасқан гараждан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Шақырту орнына дереу бағытталған өрт есептортарының құрамында болған №8 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Шамаков Данат пен өрт сөндіруші-құтқарушы азаматтық қорғау кіші сержанты Самрат Мейрамбек өртке оранған құрылыстан 2 газ баллоны мен жанармайы бар канистрды жедел түрде шығарып, жарылыстың алдын алды.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
12.12.2024, 11:21Қазақстанның Жапониядағы жаңа елшісі тағайындалды 12.12.2024, 16:33 14476"KMG PetroChem" ЖШС Басқарма төрағасы тағайындалды12.12.2024, 17:11 13711Қайтыс болған Шерзат Полаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды12.12.2024, 17:23 13246Мемлекет басшысы "Талдықорған" индустриялық аймағына барды12.12.2024, 17:30 13021Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді
06.12.2024, 17:15 104781ІІМ көліктегі полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды06.12.2024, 17:02 88876Мәжіліс жаңа Бюджет кодексінің жобасын бірауыздан қабылдады06.12.2024, 10:41 85906Қазақстанда дәнді дақылдардың рекордтық өнімі алынды06.12.2024, 16:43 76311Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді06.12.2024, 16:40 76111Тоқаев Александр Стуббты Финляндияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
22.11.2024, 14:04 136576Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 136361Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда22.11.2024, 14:00 110926Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында "KAZ" және "KZ" жаңа индекстері бекітілді06.12.2024, 17:15 104781ІІМ көліктегі полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды22.11.2024, 11:55 100941Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті