08.01.2022, 15:55 1381
ҰҚК экс-төрағасы Мәсімов қамауға алынды
Сурет: www.inform.kz
Достарға айту
Үстіміздегі жылғы 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі бойынша мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.
Сол күні осы қылмысты жасау күдігімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы Төрағасы К.К. Мәсімов және басқа тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді", - делінген ҚР ҰҚК хабарламасында.
Ведомство өзге ақпарат тергеу мүдделерінде жариялануға жатпайтынын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
14.10.2024, 16:32 14076
Қазақстанда Арменияның мәдениет күндері өтеді
Достарға айту
Қазақстанда Арменияның мәдениет күндері өтеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылғы 15-16 қазан күндері Астана қаласында Қазақстандағы Арменияның мәдениет күндері өтеді.Мәдениет күндері аясында бірқатар мәдени іс-шаралар жоспарланған.
Армян киносы күндерінің ашылуы Астана қаласындағы "Кинопарк 7 IMAX Керуен" кинотеатрында өтетін "Армян анимациясының сиқырлы әлемі" анимациялық бағдарламасымен басталады. Сонымен қатар, қазақстандық көрермендерге режиссер Арман Чилингарянның "Жарық тамшылары" көркем фильмі ұсынылады.
Мерекелік концерт Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында өтеді. Онда Арменияның Мемлекеттік джаз оркестрі өнер көрсетеді. Айта кетсек, Арменияның Мемлекеттік джаз оркестрі 1938 жылы құрылған КСРО-ның алғашқы джаз ұжымдарының бірі. Әйгілі музыканттарымен, бай репертуарымен танымал ұжым бүгінде әлемдегі ең үздік оркестрлердің бірі.
Сонымен қатар, Сергей Параджановтың 100 жылдық мерейтойына арналған фотокөрме ұйымдастырылады. Көрмеде Сергей Параджанов музейінің мұрағатынан 45 фотосурет ұсынылады. Оның 20-сы белгілі кинорежиссердің күнделікті өмірі мен шығармашылық ойларына, ал 25-і көркем туындыларына арналған.
16 қазанда режиссер Эдгар Багдасарянның "Яша и Леонид Брежнев" атты көркем фильмі көрсетіледі.
Қазақстандағы Арменияның мәдениет күндері Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында өтетін Соса Саркисян атындағы "Амангаин" мемлекеттік театрының "Лю-Беф" спектаклімен қорытындыланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.10.2024, 16:28 14386
Елімізде пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау жұмыстары жалғасуда
Достарға айту
Көктемгі-жазғы кезең егістікте ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбау фактілерін анықтау үшін басты уақыт болып табылады. Мамыр айынан бастап тұрақты қар жамылғысы орнағанға дейін ҚР АШМ ЖРБК Жер ресурстарын басқару департаментінің инспекторлары егістіктің жай-күйін тексеру және көзбен шолып қарау үшін облыс өңірлеріне баруды жүзеге асырады.
Мәселен, Департамент инспекторлары 134 мың га жалпы алаңда 182 тексеру жүргізді, оның ішінде 105,4 мың га алаңда 129 бұзушылық анықталды. Барлық жер пайдаланушыларға 1 жыл мерзімге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Бұдан басқа, барлық учаскелерге әділет органдарында ауыртпалықтар салынып, жер пайдаланушыларға пайдаланылмайтын учаскелер бойынша жер салығының базалық мөлшерлемесінің 20 есеге ұлғаюы туралы ескертілді.
Бұзушылықтар жойылмаған жағдайда жер сот тәртібімен мемлекеттік меншікке қайтарылатын болады, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.10.2024, 16:17 14761
Алматыда күндіз неге шам жанып тұратынын "Алматы Қала Жарық" түсіндірді
Достарға айту
Алматы Қала Жарық" компаниясы қалада кейде шамның күндіз неліктен жанып тұратынын түсіндірді. "Алматы Қала Жарық" МКК басшысы Игорь Мысық zakon.kz сайтына берген сұхбатында айтқандай, 90% жағдайда бұл шам ауыстыру, желіні тексеру, үзілген немесе қысқа тұйықталу орындарын анықтау сынды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына байланысты, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, ол сыртқы жарықтандыру қызметі аудандық әкімдіктерге берілгеннен кейін мәселенің әлдеқайда жылдам шешіліп жатқанын атап өтті. "Қазіргі уақытта 40-тан астам жөндеу бригадасы жұмыс істеуде, жұмыстар тәулік бойы, демалыссыз жүргізіледі, соның арқасында өтінішті қарау мерзімі бірнеше есе қысқарды және әрі кетсе ең көп дегенде екі апта уақыт алады. Бірақ біз оларды одан да тезірек орындаймыз", - деді ол.
АҚЖ бүгінде сапасыз әрі арзан шам сатып алудан бас тартты, өйткені олар күңгірт жарық беріп, тез істен шығады. Алайда Игорь Мысиктің айтуынша, бұған дейін осындай өнімді жеткізген компаниялар тендерге қайта қатысуға тырысып жатыр. "Кейде тендер нәтижесін жоюға тура келеді, бұл сотқа жүгінеміз, қоймамыздағы шамдардың таусылуына әкеледі. Сол кезде тұрғындардың өтініштеріне уақытылы жауап бере алмаймыз", - дейді ол. Мысик қазіргі уақытта қажетті мөлшерде шамдардың бар екенін және өтінішті орындауда ешқандай мәселе жоқ екенін жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.10.2024, 16:13 14976
"QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы президентке ұлттық компанияның туралы есеп беріді
Достарға айту
Мемлекет басшысы "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Токаевқа ұлттық компанияның биылғы 9 айда атқарған жұмысының қорытындысы туралы есеп берілді.
Президентке ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және транзиттік әлеуетті дамыту бойынша бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды.
Санжар Жаркешов "Алматы - Байсерке - Талғар" газ құбырының екінші желісін салу, сондай-ақ Алматыдағы екінші және үшінші жылу электр орталықтарының газға арналған инфрақұрылымын жасақтау жұмыстары аяқталғанын айтты. Бұдан бөлек, "Талдықорған - Үшарал" магистральді газ құбыры салына бастады. Өзбекстанға газ тасымалдау көлемін ұлғайту үшін "Орта Азия - Орталық" жүйесін жаңғырту бойынша дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Мемлекет басшысына ресурстық базаны кеңейту шаралары жөнінде мәлімет берілді. "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы ел экономикасындағы тауарлы газды тұтыну көлемінің еселеп артуын ескере отырып, аталған саланың геологиялық барлау жобаларын жүзеге асыруға шетелден инвестиция тартылғанын айтты. Chevron компаниясымен Ақтөбе облысында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу туралы келісімге қол қойылған. Жоба толығымен инвестордың өз қаржысы есебінен жүргізіледі.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Энергетика, Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесе жүргізіліп жатқан бастамалар туралы баяндалды. Бұл шаралар Мемлекет басшысы Жолдауында айтқан газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыруға, көгілдір отынның лайықты тарифі мен көтерме бағасын белгілеуге қатысты тапсырмаларын орындау мақсатында қабылданып жатыр.
Кездесу соңында Президент жылыту маусымында халықты және экономиканы газбен тұрақты қамтамасыз ету, саланы реформалауды жалғастыру, газ тасымалдау жүйесінің қуаттылығын арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.10.2024, 16:07 15561
Мемлекетке 177 млрд теңге көлемінде қаражат қайтарылды
Достарға айту
Мемлекетке 177 млрд теңге көлемінде қаражат қайтарылды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Активтерді қайтару жөніндегі жұмыс шеңберінде арнаулы мемлекеттік қор бүгінде 177 млрд теңгеден астам ақшалай қаражатпен толықтырылды.
Тізілім субъектілерімен жасалған келісімдердің нәтижелері бойынша шамамен 147 млрд теңге, процестік келісімдері бойынша 19 млрд теңге, активтерді өткізуден 6 млрд теңгеден астам, соттардың шешімдері бойынша шамамен 5 млрд теңге және жылжымайтын мүлікті жалғаберуден 165 млн теңгеден астам қаражат түсті.
Өткізілген активтердің ішінде екі вилла, әкімшілік ғимарат, тұрғын үй, пәтер, жер учаскесіжәне екі сәнді автокөлік бар.
Активтерді табысты өткізудің бір мысалы болып Алматы қаласындағы жер учаскесі табылады, ол "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заң субъектісінен 176 млн теңге бағамен қабылданып, 657 млн теңгеге, яғни бастапқы бағалау құнынан төрт есе артық сатылған.
Сонымен қатар, тізілім субъектілерімен келісімдер бойынша арнаулы мемлекеттік қорды 150 млрд теңгеден астам сомаға ақшалай қаражатпен қосымша толықтыру күтілуде.
Барлық қайтарылған ақша қаражаты елдің әлеуметтік және экономикалық жобаларын іске асыру үшін пайдаланылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.10.2024, 16:03 22616
Қазақстанда шағын несие нарығына бақылау күшейтілуде
Достарға айту
Осы жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындылары бойынша Қазақстанның 221 микроқаржы ұйымының (МҚҰ) жиынтық таза пайдасы 48,6 млрд теңгені құрады - 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,5%-ға аз. Өткен жылы ҚР МҚҰ таза пайдасы 118,6 млрд теңгені құрады.
Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 221 МҚҰ-ның 156-сы таза пайданы тіркеді, ал 59-ы шығынды көрсетті.
Қазақстанда шағын несие нарығына бақылау күшейтілуде. Қазан айында екі (1, 2) микроқаржы ұйымының лицензиясы тоқтатылды, бір ұйым лицензиясынан толық айырылды.
Жалақыға дейін" қарыз беретін МҚҰ реттеудің шамадан тыс қатаңдатылуына шағымданады. Несиенің ең жоғары сомасы 50-ден 45 АЕК-ке дейін, күнделікті сыйақы мөлшерлемесі 1%-дан 0,3%-ға дейін төмендетілді, ал ең жоғары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) енді 179%-дан аспауы тиіс, ал бұрын ол 339%-дан асуы мүмкін еді.
Жалақыға дейін" қарыз беретін компаниялар талаптар мен халықтың қарыздық жүктемесін азайту саясатының қатайтылуына байланысты табыстылықтың төмендеуіне алаңдаушылық білдіруде. Олар жоғары мөлшерлемелерді несиелік тәуекелдердің жоғарылығымен түсіндіреді, олардың тиімділігі ең төменгі деңгейде - кіріс шығындарды әрең жабады.
Сонымен қатар, ең көп таза кірісі бар 20 МҚҰ-ның жартысын "жалақыға дейінгі" қарыздарға мамандандырылған компаниялар құрады. Таза пайда көлемі бойынша көшбасшы "Робокэш.кз" (Zaimer бренді) МҚҰ болды 6 млрд теңгемен. Естеріңізге сала кетейік, дәл осы компания 2 млн тұтынушының деректерін жариялап, сонымен қатар өткен жылдың соңында 15,9 млрд теңге таза кіріспен ең табысты микроқаржы ұйымдарының тізімінде.
Бұл ретте, өнімдері "қарыз алушылардан" айырмашылығы бизнесті, оның ішінде ауыл кәсіпкерлерін ұзақ мерзімді дамытуға бағдарланған ҚР ірі МҚҰ, KMF 6 млрд теңге пайда бойынша тек екінші орынға ие болды.
Ең табысты 10 МҚҰ-ға сондай-ақ 3,1 млрд теңге пайдамен Credit365 Kazakhstan, 2,4 млрд теңгемен Legal Money (NeoCredit), 2,4 млрд теңгемен "ФинтехФинанс" (MoneyMan) және 1,7 млрд теңгемен AUTO SIYLIQ FINANCE (Acredit) кірді.
Айта кетейік: NeoCredit брендімен жұмыс істейтін Legal Money МҚҰ лицензиясы екі айға тоқтатылды, ал қыркүйекте тағы бір пайдалы компанияның - Kviku брендімен MFO№1 - лицензиясы төрт айға тоқтатылған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.10.2024, 15:54 15946
АШМ: Қазақстан суды көп шығындайтын дақылдар егісін қысқартуды жалғастырады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке аграрлық саланы дамытудың биылғы 9 айдағы қорытындысы баяндалды. Министрдің айтуынша, бүгінде егіннің 98 пайызы жиналып, 25,2 миллион тонна астық бастырылған. Орташа өнімділік әр гектардан 15,5 центнерді құрайды. Диқандар 1,2 миллион тонна қант қызылшасын жинамақ. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Сонымен қатар жем-шөп түрлерін де көптеп жинау жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, егін егу және жинау науқанын қаржыландыру көлемін ұлғайту шаралары қолға алынды. Биыл осы мақсатқа алғаш рет 5 пайыз мөлшерлемемен 580 миллиард теңге бөлінді. Қаржы шаруаларға субсидиясыз, тікелей беріледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. Айдарбек Сапаровтың айтуынша, 2025 жылы аталған бағыттағы қаржыландыру көлемін 900 миллиард теңгеге дейін ұлғайту көзделіп отыр. Оның ішінде жеңілдетілген лизинг арқылы ауыл шаруашылығы техникасын алуға 200 миллиард теңге бөлінеді. Төмен пайызбен берілетін несиені тиімді пайдаланып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін мемлекеттік қолдау тетіктеріне өзгеріс енгізілді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 9 айда 796 мың тоннадан астам ет өндірілгені жөнінде мәлімет берілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5 пайызға артық. Сүт өндіру көлемі 4,2 пайызға өсіп, 2,8 миллион тоннаны құраған.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспары аясында кәсіпорындардың жүктемесін ұлғайту және отандық өнімді өткізу нарықтарын кеңейту үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр. Сүт, ет, күнбағыс, күріш, жүгері және қарақұмық өңдеуді 70 пайызға дейін жеткізу көзделген.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына ведомствоның келесі жылға арналған жоспары таныстырылды. Министр егістіктерді жедел әртараптандыру жұмыстары жалғасатынын айтты. Ол үшін суды көп шығындайтын және бір ғана дақыл түрі егілетін алқаптарды азайтып, көбірек пайда әкелетін өнім түрлерін өсіруге басымдық беріледі.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.10.2024, 15:45 23236
Қазақстанда суару маусымы аяқталды
Достарға айту
Еліміздің барлық аймағында суару маусымы аяқталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Вегетация кезеңі 1 сәуірде басталды. Құрғақшылық туралы түрлі болжамдарға қарамастан, Үкімет қажетті іс-шараларды қабылдап, шаруаларды суармалы сумен үздіксіз қамтамасыз етті. Суару кезеңінде Су ресурстары және ирригация министрлігі шаруаларға 11,2 млрд текше метрге жуық су берді.
Биыл министрлікке ведомстволық бағынысты "Қазсушар" мекемесінің филиалдары шаруа қожалықтарымен суармалы су беру жөнінде 25 мыңға жуық келісімшарт жасады.
Су тұтыну көлемі бойынша көш басында - Қызылорда облысы. Өңірдің дихандарына 3,7 млрд текше метр су берілді. Түркістан облысының шаруалары 3,4 млрд текше метр су алды. Жетісу облысының дихандарына 1,37 млрд текше метр су берілсе, Алматы облысының шаруалары 1,57 млрд текше метр су пайдаланды.
Үкімет төтенше жағдай мен суармалы су тапшылығының алдын алды. Біз былтырғы жағдайдан тәжірибе жинап, сабақ алдық. Осының нәтижесінде биыл шаруаларды үздіксіз суармалы сумен қамтамасыз еттік. Су дипломатиясы да маңызды рөл атқарғанын айта кеткен жөн. Биыл Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елімізге бастапқыда болжанған көлемнен артық су жіберді", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Бүгінгі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқыны кезеңіне дайындықты бастады. Еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы су қоймаларынан су жіберіле бастады. Ал, оңтүстік облыстардағы су қоймалары керісінше, су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр.
Орталық Азияның мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының келесі отырысында Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының болжамды жұмыс кестесі жасалады және келесі жылға су беру көлемі бекітіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
14.10.2024, 15:45Қазақстанда суару маусымы аяқталды 14.10.2024, 16:03 21856Қазақстанда шағын несие нарығына бақылау күшейтілуде14.10.2024, 15:54 15186АШМ: Қазақстан суды көп шығындайтын дақылдар егісін қысқартуды жалғастырады14.10.2024, 12:35 15131Жәнібек Тайжанов ҚР КМ Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы болып тағайындалды14.10.2024, 16:07 14801Мемлекетке 177 млрд теңге көлемінде қаражат қайтарылды
11.10.2024, 18:17 82576Қазақстан мен Австрия арасындағы тікелей рейс 2025 жылдың көктемінде іске қосылады11.10.2024, 17:57 82566Атырауда жаңа Салық кодексінің жобасындағы негізгі өзгерістер талқыланды11.10.2024, 18:13 82471Атырау қаласында Теңіз кен орнындағы жергілікті қамтуды дамыту мәселесі талқыланды11.10.2024, 18:15 82431Еліміздің республикалық маңызы бар жолдарында қысқы күтіп-ұстау жұмыстары басталды11.10.2024, 17:53 82116Вице-премьер Серік Жұманғаринге "Дустлик" ордені табысталды
26.09.2024, 18:14 100766Қазақстандық аграрларды мемлекеттік қолдау көлемі 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғаяды26.09.2024, 16:35 96246«Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды26.09.2024, 16:23 94976Алматыда тау бөктерінде ТК құрылысы тоқтатылды: жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр27.09.2024, 17:57 90561Қазақстан СТОБҮК ұйымына төрағалық етеді04.10.2024, 16:46 88551Президент ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің басшыларын қабылдады