18.01.2010, 09:59 1471

Қапшағайда екі адам көліктің ішінде көмірқышқыл газынан уланып, мерт болды

Қапшағайда екі адам көліктің ішінде көмірқышқыл газынан уланып, мерт болды

Астана. 18 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы облысының Қапшағай қаласында екі адам көліктің ішінде көмірқышқыл газынан уланып, мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "кеше қала үлгісіндегі Спутник кентінде №184 гаражда сағат 12.45-те "Мерседес" көлігінің ішінде 41 жастағы ер адам мене әйел көмірқышқыл газынан уланып, мерт болды".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тағы бір оқыс оқиға Астананың Сарыарқа ауданында болған. " "Полянка" бақшашылар қоғамында Центральная көшесіндегі саяжайда сағат 04.57-де көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 26 жастағы әйел мен 53 жастағы ер адам көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны