25.12.2008, 09:38 1610

Қарағанды облысындағы "Арселор Миттал Теміртау" кәсіпорнында оқыс оқиғаның салдарынан слесарь қаза тапты

Қарағанды облысындағы "Арселор Миттал Теміртау" кәсіпорнында оқыс оқиғаның салдарынан слесарь қаза тапты

Астана. 25 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысындағы "Арселор Миттал Теміртау" кәсіпорнында оқыс оқиғаның салдарынан слесарь қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 24 желтоқсанда сағат 10.50-де Қарағанды облысындағы "Арселор Миттал Теміртау" АҚ конверторлық цехында №1 конверторды жөндеуге бағытталған ағымдағы жұмыстардың барысында слесарь-энергетик 11 метр биіктіктен құлады. 54 жастағы ер адам алған жарақаттардың салдарынан оқиға орнында қаза тапты.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, тағы бір оқыс оқиға 24 желтоқсанда сағат 22.00-де Теміртаудағы "Қарағанды цемент" кәсіпорнында болған. "Оргпроектцемент" ЖШС-нің №2 пешінде циклонның қақпағын шикізаттан тазарту барысында люк арқылы ыстық цемент шығып кетті. Соның салдарынан 18 жастағы слесарь 2-3 дәрежелі күйікпен ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге, ТЖМ ақпаратына сәйкес, бүгін сағат 03.58-де Қарағанды облысындағы "Арселор Миттал Теміртау" кәсіпорнында диаметрі 420 миллиметрлік ақаулы газ құбырында кокс газы жанды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 6 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 30 адамының көмегімен 05 сағат 13 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны