30.05.2012, 09:31 2987

Катарда болған өртте қаза тапқандардың барлығы шетелдіктер

Ел астанасы Дохадағы Villagio сауда орталығында болған өрттің салдарынан 19 адам қаза тапты, оның 13-і - балалар. Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың арасында Испания, Филиппин, Бенин және басқа да мемлекеттердің азаматтары болды.

Астана. 30-мамыр. Kazakhstan Today - Катарда болған өртте қаза тапқандардың барлығы шетелдіктер, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ел астанасы Дохадағы Villagio сауда орталығында болған өрттің салдарынан 19 адам қаза тапты, оның 13-і - балалар. Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың арасында Испания, Филиппин, Бенин және басқа да мемлекеттердің азаматтары болды.

Ресми емес мәліметтерге сүйенсек, өрт балалардың ойын алаңында болды. Өрттің шығу себептері анықталуда. Катардың билік өкілдері қайғылы оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылатындығын мәлімдеді.

Villagio сауда орталығы 2006 жылы салынды. Ол туристер мен жергілікті тұрғындар арасында танымалдылыққа ие.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны