07.09.2022, 17:53 23621

KEGOC электр желілерінде дала өрті салдарынан апат орын алды

KEGOC электр желілерінде дала өрті салдарынан апат орын алды
Сурет: facebook/АО KEGOC
НҰР-СҰЛТАН. 7 ҚЫРКҮЙЕК - Бүгін "KEGOC" АҚ (Солтүстік - Оңтүстік транзиті) электр желілерінде апатты бұзушылықтар орын алды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "KEGOC" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2022 жылғы 07 қыркүйекте сағат 15:38-де Қазақстанның Біртұтас энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Оңтүстік аймағын энергиямен жабдықтау жүзеге асырылатын Солтүстік-Оңтүстік транзитінің құрамындағы 500 кВ Ж-5170 Екібастұз-Ағадыр ӘЖ ажыратылды. "KEGOC" АҚ-ның аварияға қарсы автоматикасы штаттық режимде жұмыс істеді, Қазақстан БЭЖ-інің және Орталық Азия біріккен энергия жүйесінің қатарлас жұмысы сақталды", - деп хабарлады компанияда.

 
Аварияға қарсы автоматика жұмысының әсерінен болатын шектеулердің алдын ала көлемі – 615,9 МВт соның ішінде:
 
  • Алматы облысы - 180 МВт,
  • Жетісу облысы - 60 МВт,
  • Қарағанды облысы - 182 МВт,
  • Ұлытау облысы - 13 МВт,
  • Түркістан облысы - 36,4 МВт,
  • Жамбыл облысы - 144,5 МВт.
 

Сағат 15:59-да ӘЖ жұмысқа қосылды, тұтынушыларды энергиямен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді", - деп хабарлады KEGOC.

 
Ажыратудың себебі даладағы өрттен болған деп алдын-ала болжанып отыр. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:АпатKEGOC

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны