21.06.2022, 15:37 15911

Нұр-Сұлтанның шетінде дала өртін сөндіру жалғасуда

Нұр-Сұлтанның шетінде дала өртін сөндіру жалғасуда
Сурет: Нұр-Сұлтан қ. ТЖД
НҰР-СҰЛТАН. 21 МАУСЫМ - Елорда шетіндегі қамыстың жануын сөндіруге авиация тартылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Құтқарушылар елорданың шетіндегі дала өртіне қарсы күресті жалғастыруда. Қамыстың жануын сөндіруге авиация тартылды.
 
Кеше, 20 маусымда сағат 15:03-те Қорғалжын тас жолы бойында, үлкен Талдыкөл көлінің ауданында, қол жетімділігі қиын сулы-батпақты жерлердегі ашық аумақта шамамен 6,5 га жалпы алаңда қамыс өртенді. "Астана Орманы" МКК күшімен жанудың периметрі бойынша жер жыртылды. Өрттің "Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуіне" таралу қаупі жоқ. 
 

Өртті жоюға ТЖД жеке құрамының 122 адамы және 30 бірлік техникасы мен коммуналдық қызметтер жұмылдырылды. Бүгін сағат 08:09-да Нұр-Сұлтан аэродромынан "Қазавиақұтқару" АҚ-ның МИ-8 ұшып келді", - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны