22.12.2008, 18:24 2848

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғимаратында белгісіз біреулер шолақ мылтықтан студентті жарақаттады

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғимаратында белгісіз біреулер шолақ мылтықтан студентті жарақаттады

Шымкент. 22 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғимаратында бүгін күндіз белгісіз біреулер шолақ мылтықтан студентті жарақаттады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО ІІД мен университеттегі ақпарат көзіне сілтеме жасап.

ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицияға шақыру сағат 12.30-да келіп түскен. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары зардап шеккен студентті тапты. Ол шолақ мылтықтан оң жақ иығынан жарақаттанған.

Студентке шабуыл жасағандар бірнеше адам болған.

Студент ауыр жағдайда облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны