05.08.2025, 17:04 86886

Оралда сүт комбинатының ғимараты өртенді  

Оралда сүт комбинатының ғимараты өртенді
Сурет: ТЖМ
Орал қаласында Ш. Айталиев көшесі бойында орналасқан "Береке" сүт комбинаты аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, екі цехтың шатыры жанған. Оның біріншісінде дайын өніммен бірге тоңазытқыш жабдықтары орналасқан, екіншісі балмұздақ өндіруге арналған.

Алдын ала мәлімет бойынша өрттің аумағы - шамамен 3 мың шаршы метр.

- Қазіргі кезде құтқарушылар жоғары рангімен жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндіру оқпандары іске қосылған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, - деп хабарлады ведомстводан.

Өртеніп жатқан ғимараттың түтіні алыстан көрініп тұр.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны