17.02.2023, 08:28 26286

QazaqOil мұнай базасында жан түршігерлік өрт шыққан сәт видеоға түсіп қалды

Өрт салдарынан қызметкер қаза тапты
QazaqOil мұнай базасында жан түршігерлік өрт шыққан сәт видеоға түсіп қалды
Сурет: Instagram/aqmola_tjd
Көкшетау. 17 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылдың 16 ақпанында Көкшетау қаласында, Солтүстік индустриялық аймақта "Qazaqoil" аумағында, тиеу-түсіру стансасындағы 2 жанармай таситын цистерналардың өртенуі орын алды, деп хабарлады Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт 11-05-те оқшауланып, 20 минут ішінде толық жойылды. Өрт аумағы 35 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан жанармай құятын автоцистернада болған жанармай құю бекетінің операторы 1988 жылы туған ер адам қаза тапты. Өрттің шығу себебі анықталуда", - деп хабарлады облыстық ТЖД.


Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны