29.01.2026, 11:49 586

Шымкентте әйел пышақ жарақатынан қаза тапты

Шымкентте әйел пышақ жарақатынан қаза тапты
Сурет: Polisia.kz
Шымкент қаласында әйел жол бойында пышақ жарақатынан қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті жәбірленушіге өзара жеке бас араздығы негізінде пышақ жарақаттарын салған. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға туралы полицияға куәгерлер хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні ізін суытпай анықтап, ұстады. Ұстау кезінде қарулы күдікті қарсылық көрсеткен. Осыған байланысты қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болған", - деп жазды жергілікті ПД.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны