16.08.2023, 16:20 16201

Шымкентте жеңіл көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында мерт болды

Тиісті сараптамалар тағайындалды
16 тамыз түнгі сағат 03:00 шамасында Абай даңғылы бойында Opel vectra автокөлігі мен Yamaha мотоциклі соқтығысқан, деп хабарлайды Polisia.kz.  

Салдарынан 28 жастағы мотоцикл тізгіндеушісі оқиға орнында қайтыс болды. Ал Opel жүргізушісі мен 3 жолаушысы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған жайтты Шымкент ҚПД Анықтау басқармасы ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ тіркеді.

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны