02.03.2022, 17:27 31206

Тәртіпсіздік кезінде ұрланған қарудың жартысынан көбі әлі табылған жоқ

Бұрын ұрланған қаруды іздеу және алу бойынша мақсатты жедел-іздестіру іс-шаралары жалғастырылуда.
Тәртіпсіздік кезінде ұрланған қарудың жартысынан көбі әлі табылған жоқ
Сурет: Polisia.kz
НҰР-СҰЛТАН. 2 НАУРЫЗ - Бұрын ұрланған қаруды іздеу және алу бойынша мақсатты жедел-іздестіру іс-шаралары жалғастырылуда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта алынған қарудың жалпы саны 1069 бірлікті құрайды, оның ішінде 123 автомат, 231 тапанша, 263 тегіс ұңғылы мылтық, 84 бірлік кесілген қару, 168 граната, 9 гранатомет пен 2 пулемет. Одан басқа 21759 оқ-дәрі табылып алынды", - деп ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов хабарлады.


Түсіндіру жұмысынан кейін азаматтардың қарудың 100-ден артық бірлігін өз еркімен тапсырғанын атап өтті.

Осыған байланысты азаматтарды күдікті адамдар, атыс және суық қаруды заңсыз сақтау мен сату туралы белгілі ақпаратты полицияға хабарлауды тағы да сұраймыз. Қылмыстық элементтер заңсыз айналымға түскен қаруды кез келген уақытта бейбіт азаматтарға қарсы қолдана алады", - деп Әділов атап өтті.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны