12.01.2022, 14:26 23291

Өткен тәулікте Алматыда заңсыз акциялар мен тонаудың 1 678 қатысушысы ұсталды

Алатау және Медеу аудандарының аумағында лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілді.
Өткен тәулікте Алматыда заңсыз акциялар мен тонаудың 1 678 қатысушысы ұсталды
Сурет: facebook Сергей Алексеенок
АЛМАТЫ. 12 ҚАҢТАР - Алматы комендатурасының ақпарат орталығы қаладағы бүгінгі жағдай туралы мағлұмат берді.
 
Комендатура мәліметінше, Алатау және Медеу аудандарының аумағында лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілді.
 

Лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1 678 қатысушысы ұсталды. Заңсыз айналымнан 36 бірлік атыс қаруы мен 1 476 оқ-дәрі тәркіленді. Алматының шетінде орналасқан 5 блок- бекетте 38 адам ұсталды. "102" пультіне 881 хабарлама келіп түсті. Комендатураның Колл-центріне азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 136 дабыл түсті. Барлық хабарлама өнделді", - деді Алматы қаласының коменданты Қанат Таймерденов.

 
Сонымен қатар, ол тұрғындарды коменданттық сағатты бұзбауға шақырды.
 

Мен Алматы қаласының коменданты ретінде азаматтарға үндеу жолдаймын. Араңдатушыларға ермей тек ресми деректерден алынған ақпараттарды қолданыңыздар. Заң талаптарын қатаң сақтап, қолданылып жатқан шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын", - деді ол. 

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны