27.08.2021, 20:16 13586

Жамбыл облысындағы қоймада 500 тоннадан астам тротил сақталған - ТЖМ

ТАРАЗ. 27 ТАМЫЗ - Жамбыл облысындағы қоймада 500 тоннадан астам тротил сақталған, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Өрт орнына Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінің күштері мен құралдары жоғарғы шақыру нөмірі бойынша 34 бірлік автотехника және 114 адам жіберілді, 15 жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылды, оның ішінде ТЖ аймағында 4 бірлік техника. Гарнизон жоғарғы шақыру рангы бойынша шықты. Өрт қойма ғимаратын толық шарпыған. Фрагменттердің ұшу радиусы 2 км-ге дейін жетті, алдын-ала мәліметтер бойынша қоймада 500 тоннадан астам тротил сақталған", - деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

 
Қазіргі уақытта, ведомствоның мәліметінше, 710 тұрғын Тараз қаласына эвакуацияланды. 
 
Алдын ала ақпарат бойынша ауруханаға 49 ТЖД қызметкерлері түскен. Оқиға орнында Министр бастаған ТЖМ жедел тобы жұмыс істеуде. 
 
Сондай-ақ, оқиға орнына Алматы қаласынан құрамында 6 бірлік техника мен жеке құрамның 22 адамы, Түркістан қаласынан АМО 1 бірлік техникасы, Шымкент қаласы ТЖД арнайы жасағының 8 бірлік техникасы мен жеке құрамның 33 адамы және ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері келді.
 
ҚР ТЖМ Қорғаныс министрлігінен ресми сұрау жолданса, өртті сөндіру үшін тікұшақтар ұсынуға дайын.
 
Алдағы уақытта ҚР ТЖМ күштері мен құралдары қалған өрт ошақтарын сөндіруге, сондай-ақ тұрғындарды тұрақты орналасу орнына қайтаруға және т/ж көлігі жолдары мен автомобиль жолдарын қалпына келтіруге тартылатын болады.
 
ҚР ТЖМ ДЖБО-да және өрт орнында КШМ базасында өрт сөндіру штабы құрылды. Жамбыл облысы ТЖД-де жедел штабы жұмыс істейді. 
 
Халыққа ақпараттық және психологиялық көмек көрсету үшін Жамбыл облысының ТЖМ және ТЖД жедел желі ашылды. ТЖМ телефондары – 33-32-89, 53-32-79, ТЖД– 8 (7262) 51-41-67, 51-37-75, +7 778 810 91 09.
 
ТЖД ақпараттық сипаттағы 178 қоңырау келіп түсті.
 
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Тараз қаласы мен оған жақын орналасқан ауыл тұрғындарын сабырлық сақтауға және сақ болуға шақырды.
 

Өрт салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар, әскери қызметшілер, дәрігерлер және жұмылдырылған барлық адамдар белсенді жұмыс жасауда. Өкінішке қарай, зардап шеккендер саны артып келеді. Бірақ жағдай бақылауда. Тараз қаласы мен ауыл тұрғындары сабырлы әрі сақ болуы керек", - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де. 


Еске сала кетейік, Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан 5 әскери қызметші қаза тапқан болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны