24.03.2021, 21:01 37491

Жезқазғанда 2 жүк пойызы соқтығысты

ЖЕЗҚАЗҒАН. 24 НАУРЫЗ - Жезқазған қаласының Комбинатская станциясында екі жүк пойызы соқтығысты. Зардап шеккендер жоқ.
 
Оқиға 23 наурыз сағат 11.15-те Комбинатская станциясында болған.
 

"Tranco JEZZ" ЖШС-де (Транко Жез), Комбинатская станциясында келіп жеткен жүк тиелген 17 думпкар мен Комбинатская станциясында тұрған жүк тиелген 20 думпкар пойызы соқтығысқан. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайдың мән-жайы мен себептері анықталуда", - деп хабарлады Жезқазған қалалық ТЖБ.

 
Алдын ала мәліметтер бойынша, тепловоздардың бірінде тежегіш жүйесі істен шыққан.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны