01.12.2010, 13:46 5357

Астанада ЕҚЫҰ саммиті ашылды

Астанада ЕҚЫҰ саммиті ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 1 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Астанада ЕҚЫҰ саммиті ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астанада ЕҚЫҰ Саммитінің пленарлық отырысы ресми түрде ашылды. Саммитті ашқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Саммитте ұсынылып отырған Астана декларациясы мен іс-жоспарларының жобалары Ұйымның барлық мүшелері тарапынан қолдау табатынына сенім білдірді.

Бұрын хабарлағанымыздай, ЕҚЫҰ мүше мемлекеттер мен оның серіктестерінің барлығы да саммитке қатысатындықтарын растаған болатын. Бұл туралы 29-қараша күні өткен баспасөз мәслихатында Сыртқы істер министрлігі ЕҚЫҰ департаментінің директоры, Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші Сержан Ибдікәрімов мәлім еткен болатын.

Естеріңізге сала кетсек, ЕҚЫҰ ең соңғы саммиті 1999 жылы Стамбул қаласында өткен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны