04.05.2010, 17:48 3285

Елбасы Жеңістің 65-жылдығына арналған Қызыл алаңдағы салтанатты парадқа қатысады

Елбасы Жеңістің 65-жылдығына арналған Қызыл алаңдағы салтанатты парадқа қатысады

Астана. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 8 және 9 мамырда Ресей президенті Дмитрий Медведевтің шақыруымен Мәскеуде Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларға қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мейрам алдында Мәскеуде ТМД Мемлекет басшылары Кеңесінің бейресми жиналысы өтеді. Кездесуде Ұлы Жеңіс мерейтойын лайықты атап өтуіне, оның тарихи маңызы мен қазіргі халықаралық қауіпсіздік жүйесінің қалыптасуына тигізген әсеріне байланысты мәселелер талқыланады. Достастыққа мүше мемлекеттердің басшылары Жеңіс күніне орай Майдан ардагерлері мен тыл еңбекшілеріне арнайы Үндеу қабылдауды жоспарлап отыр.

Сонымен бірге, ТМД шеңберінде көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың бірқатар өзекті мәселелері, ұйым қызметін жетілдіру тетіктері және негізгі бағыттар бойынша өзара әрекеттестікті қарқынды дамыту жолдары талқыланбақ.

Іс-шара шеңберінде президент Нұрсұлтан Назарбаев өз әріптестерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп күтілуде.

9 мамырда Елбасы Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына арналған Қызыл алаңдағы салтанатты парадқа қатысады. Парадқа қазақстандық ардагерлер мен Қарулы күштеріміздің әскери бөлімдері қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны