28.04.2008, 18:12 3180

ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитеті Кедендік одақты құру бойынша 2010 жылға дейінгі іс-әрекеттер жоспарын мақұлдады

ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитеті Кедендік одақты құру бойынша 2010 жылға дейінгі іс-әрекеттер жоспарын мақұлдады

Алматы. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитеті Кедендік одақты құру бойынша 2010 жылға дейінгі іс-әрекеттер жоспарын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік ЕурАзЭҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЕурАзЭҚ бас хатшысы Тайыр Мансұровтың айтуынша, "Кедендік одақты құру бойынша бұдан былайғы іс-қызмет аясы айқындалды". Ол Ресей, Беларусь пен Қазақстанның кедендік одағын құрудың құқықтық негіздерін қалыптастыру жұмыстары аяқталғанын еске салды. "Кедендік одақты 2010 жылға дейін құру жөніндегі басты мақсаттарды шешуге мүмкіндік беретін 13 құжатқа қол қойылды", -деді Т.Мансұров.

Отырысқа қатысушылар сондай-ақ, кедендік қызметтердің ақпараттық ықпалдастығының біртұтас принциптері туралы және инвестицияларды өзара қорғау туралы келісімдердің жобасын мақұлдады.

ЕурАзЭҚ 2000-жылдың қазан айында құрылған. Қоғамдастыққа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан енеді. Армения, Молдова және Украина Қоғамдастық жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие. ЕурАзЭҚ аясындағы Кедендік одақ бірінші кезеңде Ресей, Беларусь пен Қазақстанның қатысуымен құрылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны