07.04.2011, 14:15 4357

Каддафи Обамаға Ливиядағы әскери операцияны тоқтату туралы өтініш білдіріп, хат жолдады

Каддафи Обамаға Ливиядағы әскери операцияны тоқтату туралы өтініш білдіріп, хат жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 7 - сәуір. Kazakhstan Today - Каддафи Обамаға Ливиядағы әскери операцияны тоқтату туралы өтініш білдіріп, хат жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ливия басшысы Муаммар Каддафи АҚШ Президенті Барак Обамаға хат жолдады. Ақ үйдегі дереккөздердің айтуынша, Ливия полковнигі өзінің хатында американдық президенттен ел аумағындағы НАТО-ның әскери операциясын тоқтатуды сұраған.

Associated Press қол жеткізген мәтінге сәйкес, М.Каддафи сонымен қатар ауадағы әскери шабуылдардың тоқтатылуын сұраған. М.Каддафи қазіргі әскери шабуылды "дамушы елге бағытталған әділетсіз соғыс" деп бағалады.

Ливия басшысы өз хатында елдің халқы НАТО әскери операциясынан физикалық емес көбіне моралдық тұрғыдан зардап шеккенін, ал демократиялық қоғамды қару мен әуе шабуылдары арқылы құру мүмкін еместігін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны