23.05.2007, 15:06 2912

Қазақстан даму жолын азиялықтан шығыс еуропалық бағытқа бұруда - Ресей саясаткері

АСТАНА. 23 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан даму жолын азиялықтан шығыс еуропалық бағытқа бұрды. Республикадағы конституциялық реформаға түсініктеме бере отырып, Ресейдің саяси зерттеулер институтының директоры Сергей Марков осындай пікір білдірді.

"Назарбаев 15 жыл көлемінде Қазақстанның авторитарлық модернизациясын өте сәтті жүргізді. Ол өмір сүру деңгейін көтерді, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етті және экономикалық өсу қарқынын күшейтті. Ал қазір осы негізде біртіндеп саяси жүйені демократияландыра бастады. Бұл "назарбаевтың жолымен", яғни баяу әрі біртіндеп және оң нәтижемен жүзеге асатындығына сенімдімін", - деді С. Марков.

Тағы бір танымал саясаткер Александр Князев қазақстандық реформаларды Қытайдың эволюциясымен салыстырды. "Бірнеше онжылдықтар көлемінде, яғни алғашында қатаң авторитарлық саяси жүйеде экономика реформаланады, сосын белгілі бір нәтижелерге қол жеткеннен соң біртіндеп саяси жүйе де либералданады..." - деді А. Князев. Оның ойынша, "Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары саяси лидерлер үшін белсенділікті арттыруға арналған дабыл болып табылады". "Саясаткерлерде ұзақ уақыт қоры бар. Себебі, президент өз өкілеттілігін берілген мерзім аяқталғанша, яғни 2012 жылға дейін сақтайды. Осы уақыт жеткенше капитал мен беделді жеткілікті жинап алуға болады", - деп атап өтті Александр Князев.

Ресейдің бұдан өзге тағы бір саясаткері Алексей Власов "Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елдегі саяси өзгерістер туралы ұсыныстары биліктің сөзден нақты саяси реформаларға көшкендігін көрсетеді", деген пікірде. "Назарбаевтың ұсыныстарының арасынан бір басты ұсынысты бөле-жара көрсету қиын. Себебі, оларды мемлекетті демократияландыруға бағытталған шаралардың біртұтас жиынтығы ретінде қарастыру қажет", - деді Алексей Власов.

Мемлекеттік думаның ТМД және отандастармен байланыс істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Ахмед Билалов қабылданған конституциялық өзгерістерге оң бағасын берді. "Конституцияға ұсынылған өзгерістерді бүкілхалықтық келісімге қарай жасалған қадам ретінде қарастыруға болады. Бұған мысал ретінде парламент депутаттарының бір бөлігін Қазақстан халықтары Ассамблеясының келісімі бойынша ұсыну бастамасын атауға болады", - деді ол. Депутаттың ойынша, "нәтижесінде реформа қазақ қоғамының тұрақтылығы мен беріктігіне ықпал етуі керек".

Конституциялық реформа басқа да алыс-жақын шет елдердегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің де оң бағасына ие болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны