27.07.2012, 10:49 3193

Қазақстан мен Кембридж университеті бірлесіп Орталық Азия инновациялық қорын құрды

Осы орайда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Кембридж университетімен әсіресе жаңа технологиялар, қалпына келтірілетін қуат, экология салаларындағы ынтымақтастық ауқымын кеңейтуге әзір екенін айтты.

Лондон. 27-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Кембридж университеті бірлесіп Орталық Азия инновациялық қорын құрды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Осы орайда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Кембридж университетімен әсіресе жаңа технологиялар, қалпына келтірілетін қуат, экология салаларындағы ынтымақтастық ауқымын кеңейтуге әзір екенін айтты.

Кездесуде Қазақстан Президенті сонымен қатар Қазақстан мен Кембридж университеті бірлесіп құрған Орталық Азия инновациялық қоры жұмысын бастағанын жария етті.

"Біздің ұлы ғалымымыз әл-Фараби атындағы шәкіртақының тағайындалуы да маңызы еш кем емес жаңалық, ол дарынды жастарға өңірді зерттеумен Кембридж университеті базасында айналысуға мүмкіндік береді. Бұл біздің ынтымақтастығымызға қосылған тағы бір елеулі үлес болады деп сенемін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны