26.06.2012, 09:18 2617

Қазақстан мен Норвегия үкіметтері халықаралық автотасымал туралы келісімге қол қойды

Гамбургте стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Герман іскерлік кеңесінің 4-і отырысы басталды.

Гамбург. 26-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Норвегия үкіметтері халықаралық автотасымал туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Гамбургте стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Герман іскерлік кеңесінің 4-і отырысы басталды.

Қазақстан делегациясын стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Герман іскерлік кеңесінің тең төрағасы, "Атамекен" ҚҰЭП төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев басқаруда. Делегация құрамына Парламент депутаттары, министрліктер басшылары, "Самұрық-Қазына" ҰИҚ, "Атамекен" ҚҰЭП, KAZENERGY, Қазақстан темір жолы, банк жүйесінің өкілдері, отандық кәсіпорын басшылары кірді.

Отырыста Қазақстан Республикасының Үкіметі және Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы "Шикізат, өнеркәсіп және технология салаларындағы ынтымақтастық туралы" келісімді жүзеге асыру мәселелері қарастырылады. Бұл келісімге ағымдағы жылдың 8 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияға сапары кезінде қол қойылды. Келісімді жүзеге асыруға бағытталған басым жобалардың нақты тізімін бекітуге, сонымен қатар, екіжақты ынтымақтастықты жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, "Атамекен" ҚҰЭП және Германияның Шығыс комитеті арасындағы қарым-қатынасты арттыру туралы әңгіме қозғалып отыр.

Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Герман іскерлік кеңесі жұмысының барысында, Еуропадағы ең үлкен Гамбург портының логистикалық орталығына, "Airbus" концернінің авиациялық зауытына бару жоспарланып отыр.

Қазақстандық делегацияның жұмысы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Герман үкіметаралық жұмыс тобының 6-отырысында өз жалғасын табады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны