23.06.2006, 18:22 2861

Қазақстан президентінің пайымдауынша, ЕурАзЭҚ-тың интеграциялық әлеуеті толық пайдаланылмай отыр

Қазақстан президентінің пайымдауынша, ЕурАзЭҚ-тың интеграциялық әлеуеті толық пайдаланылмай отыр

АЛМАТЫ. 23-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан президентінің пайымдауынша, ЕурАзЭҚ-тың интеграциялық әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Бүгін ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдер президенттерінің Мемлекетаралық кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөз сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Беларусь Телеграф агенттігіне сілтеме жасап.

Н.Назарбаевтың айтуынша, қатысушы елдердің біртұтас көлік тарифтеріне көшуіне қажетті барлық шешім қабылданғанына қарамастан, бұл салада әлі де ілгерілеушілік байқалмай отыр.

ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдер үшін аса маңызды тақырыптардың бірі – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту болып табылады, деді Қазақстан президенті. Осыған байланысты Н.Назарбаев ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдердің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуге қатысты ұстанымдарын келісуге бағытталған жұмыстарды пәрмендердіре түсу қажет деп атап өтті.

Ол сонымен бірге ұйымға қатысушы елдер өз көлік және су ресурстарын тиімді пайдалануға назар аударуға тиіс екенін атап көрсетті. “ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдер аса ауқымды жиынтық әлеуетке ие. Оны біздің елдердің халықтарының игілігіне нысаналы әрі тиімді пайдалану қажет”,- деді президент. Ол сонымен бірге ЕурАзЭҚ аясындағы конструктивті ықпалдастықтың осынау интеграциялық бірлестікке Еуразиялық кеңістіктегі басқа да мемлекеттерді тартуға септігін тигізеді деді.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны