14.10.2010, 16:19 4383

Қазақстанның премьер-министрі Сингапурде іс-сапармен жүр

Бүгін Сингапурға жасаған ресми сапарының аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Сингапурдың Премьер-Министрі Ли Сянь Лунмен және сыртқы істер министрі Джордж Ёомен кездесіп, кездесу барысында екіжақты қазақстандық-сингапурлық сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 14 - қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Сингапурға жасаған ресми сапарының аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Сингапурдың Премьер-Министрі Ли Сянь Лунмен және сыртқы істер министрі Джордж Ёомен кездесіп, кездесу барысында екіжақты қазақстандық-сингапурлық сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Премьер-министр күннің екінші жартысында Сингапурдың Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде болып, ақпарттық технология мен "электронды үкімет" тиімділігін арттыру салаларындағы ынтымақтастық туралы келіссөздер өткізді. Сонымен қатар, К.Мәсімов медициналық университет пен "Jurong" индустриалды аралында болып қайтады.

Сондай-ақ, ҚР Үкімет басшысы К.Мәсімов Сингапурдың Тәлімгер-министрі Ли Куан Юмен кездесті. Кездесу барысында қазіргі әлемдік экономикалық жағдай туралы және Қазақстан мен Сингапур арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың болашағы туралы пікіралмасу болды.

CNA хабарлауынша, ҚР премьер-министрі Сингапурмен, атап айтқанда денсаулық сақтау және білім беру саласындағы байланыстары одан әрі дами түседі деп санайтындығын айтып өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны