25.06.2009, 18:16 2695

Мәскеуде Кедендік одақ комиссиясының алтыншы мәжілісі өтуде

Мәскеуде Кедендік одақ комиссиясының алтыншы мәжілісі өтуде

Алматы. 25 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеуде Кедендік одақ комиссиясының алтыншы мәжілісі өтуде. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитеті хатшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР СІМ ақпаратына сәйкес, отырыс барысында Кедендік одақтың Кеден кодексінің жобасын қарау, Кедендік одақ аясында ДСҰ-ына мүшелікке өту жөнінде келіссөздер жүргізуге дайындықтар барысын талқылау жоспарлануда. Сонымен бірге, кедендік баж салықтарын, салықтар мен алымдарды есептеу тетіктерін жасау жөніндегі ұсыныстар талқыланып, ЕурАзЭҚ аясында Кедендік одақ қалыптастырудың 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру шаралары нақтыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны